Мысығын құтқармақ болған оқушының өзі өртеніп кетті

12.11.2019 15:29

Әкесі, анасы және олардың 15 жастағы Костя есімді ұлы үйден шығып үлгерген

4lapki.com

Қайғылы оқиға Мәскеу облысында 9 қараша күні орын алған. Жеткіншек үйдегі мысықты құтқарамын деп өзі оттан шыға алмай қалыпты, деп хабарлайды Stan.kz .

Бессоновтар отбасы тұратын үйде сағат 14:00 шамасында өрт шығыпты. Әкесі, анасы және олардың 15 жастағы Костя есімді ұлы үйден шығып үлгерген. Алайда жасөспірім пәтерде мысығы қалып қойғаны есіне түсіп, өрт ішіне қойып кеткен.

Өкінішке орай, не өзі де, не мысығы оттан шыға алмапты. Келіп жеткен құтқарушылар Костяның денесінен қалған қалдықтарын ғана тапқан. Алдын ала болжамдар бойынша, өрт газ баллонының жарылуы салдарынан шығуы мүмкін.