Жолаушылардың бәрі қаза тапты
Таиландта туристер мінген ұшақ апатқа ұшырап, борттағы жолаушылардың бәрі қаза болды, деп хабарлдайды Almaty.tv тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Шетелдік басылым мәліметінше, шағын ұшақ Бангкоктағы Суварнабхуми әуежайынан көтерілгеннен кейін 11 минуттан соң құлаған. Бортта Гонконгтан келген бес турист және төрт экипаж мүшесі болған.
Ұшақ Чачоенг-Сао провинциясындағы лайлы суға құлаған. Құтқару тобы оқиға болған күні кешке ұшақтың сынықтарын тапты. Олар кейін батпақты аймақтан мәйіт қалдықтарын тапқанын хабарлады.
Әзірге апаттың себебі хабарланған жоқ.
Оқи отырыңыз: Астанада кинотеатр келушілері соққыға жығылған