Украинадағы жағдай: 143 бала көз жұмды

Almaty.tv
Almaty.tv
Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың 33-ші күнінде Харьковтағы ядролық нысанға соққы жасалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Украинада әскери іс-қимыл басталғалы бері 143 бала қаза болған. Бұдан бөлек, тағы 216 жеткіншектің жағдайы ауыр. Бұл туралы Украина Жоғарғы Радасының адам құқықтары жөніндегі өкілі Людмила Денисова хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Сондай-ақ Украинаның Білім және ғылым министрлігі әскери қақтығыстың салдарынан елдегі 730 оқу орнына зақым келіп, оның 74-і мүлде жойылған деген дерек келтіріп отыр. Ал Ресейдің қорғаныс министрлігі Украиналық қарулы күштердің 91 нысанына шабуыл жасалғанын мәлімдеді.   

Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың 33-ші күнінде Харьковтағы ядролық нысанға соққы жасалды. Одан бөлек, Львов қаласының батыс аумағындағы әскери құрылымдар қашықтан басқарылатын зымырандар арқылы нысанаға алынған. Бұл туралы Ресей Федерациясының қорғаныс министрлігі хабарлады. Атыс салдарынан Львовтағы жанармай қоймалары мен радиолокациялық станциялар және бірқатар зауыттар жойылған. Ал Мариупольдағы ахуал тіптен қиын. Соңғы ақпарға сәйкес, ондағы 681 адам эвакуацияланған. Оның 142-сі – бала.

«Екі гуманитарлық дәліз арқылы Донецк пен Луганск облыстарынан 1100 адамды эвакуацияладық. Біз үшін бейбіт тұрғындардың амандығы маңызды. Сондықтан азаматтардың талап-тілектері міндетті түрде ескеріледі, ал ел билігі бұл үшін қажетті жағдайды жасауға дайын», - деді Украинаның вице-премьер-министрі Ирина Верещук.

Ал Ресей қорғаныс министрлігі жедел-тактикалық және әскери авиация украиналық қарулы күштердің 91 нысанына шабуыл жасалғанын мәлімдеді. Оның ішінде 2 командалық пункт, қару-жарақ пен оқ-дәрі сақталған 11 қойма және 2 соғыс бекеті бар. Ал Славутич қаласының мэрі Ресей оккупанттарының қаланы босатқанын хабарлады.

«Олар өздерінің о бастағы мақсаты – қаланы тексеру жұмыстарын аяқтады. Оккупанттармен ешқандай байланысымыз жоқ. Біз өз мәселемізді өзіміз шешеміз. Гуманитарлық көмек те қазір жеткілікті. Украинаның барлық қаласынан түрлі көмек алып жатырмыз», - деді Славутич қаласының мэрі Юрий Фомичев.

Айта кетейік, бұған дейін Ресей мен Түркия екі рет келіссөз өткізген еді. Ал кездесудің үшінші кезеңі 28-30 наурыз аралығында Түркияда өтеді деп отыр.

Мадина Оқас, Мақсат Күнібек, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров