Он бір жыл бойы өлім жазасын күткен адам кінәсіз болып шықты

09.12.2019 20:36

Ер адам дәлелдер болмаса да, көрші тұратын қарт әйелді өлтірді деп айыпталыпты

AFP 2019 / JAY DIRECTO

Қытайда ер адам өзі істемеген қылмыс үшін он бір жыл түрмеде отырған, деп хабарлайды Sputnik.

2008 жылы 51 жастағы Ли Цзянонг 75 жастағы көрші әйел Цао Цзюйинді өлтіргені үшін сотталды. Сол жылы оған қатысты өлім жазасына кесу туралы үкім шықты.

Полиция мәліметінше, қылмыс құрбаны 2007 жылы қайтыс болыпты. Оның денесі цемент фабрикасы аумағындағы шұңқырдан табылды. Әжейдің аузына изолента жапсырылып, басында қатты соққыдан жарақат қалған.

Сол кезде полиция қарияны көршісі өлтіруі мүмкін деген шешімге келген. Бірақ тергеу айыпталушының себептерін анықтай алмаған, өлтірген зат пен қылмыс орнын да таба алмаған.

Он жыл өткен соң сотталған адамның туыстары істің қайта қаралуына қол жеткізді. Осы жолы сот оның кінәсінің дәлелдері жеткіліксіз деген қорытындыға келді. Бұдан кейін сот үкімді жоққа шығарды.