Air India Express әуе компаниясының 190 жолаушысы бар ұшағы қонар кезде апатқа ұшырады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әуе апатына байланысты Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге көңіл айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Тwitter-дегі жеке парақшасында Керала штатында әуе апаты салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты Үндістан халқы мен Премьер-министрі Нарендра Модиге қайғыға ортақтасып, көңіл айтатынын жазған. Бұдан бұрын хабарланғандай, 7 тамызда Үндістанның оңтүстігіндегі Керала штатының Кожикоде қаласында Air India Express әуе компаниясының 190 жолаушысы бар ұшағы қонар кезде апатқа ұшырады.
I express sincere condolences to the Government, the people and personally to Prime Minister of India @NarendraModi on numerous human casualties as a result of plane crash in the state of Kerala.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) August 8, 2020