Американдық актриса Деми Мурды оқушы күнінде зорлаған адамның шын аты белгілі болды. Ол бизнесмен және Лос-Анджелестегі атақты түнгі клубтың иесі Бейзил Думас болып шықты. Бұл туралы The Sun газетіне сұхбат берген Деми Мурдың досы Джордж Джерманайдс айтқан, деп жазады РИА Новости-ға сілтеме жасаған Zakon.kz.
Деми Мур биыл қыркүйек айының соңында өзіне жасөспірім кезінде қиянат жасалғанын айтқан. Ол 15 жасында өзін 48 жастағы ер адам зорлады деген. Болашақ актрисаның анасы Вирджиния Кинг Думас пен Джерманайдс бірлесіп басқаратын «Мирабель» мейрамханасында сол еркекпен танысқан.
Біраз уақыттан кейін бай еркек көңіл қосқан әйелдің қызын мектеп алдында аңди бастайды. Кейін қыздың үйіне баса-көктеп кірген, оның қолында үйдің кілті болған.
«Оның шын аты - Бейзил, ал лақап аты - Вэл. Ол 1974 жылдан бері аузына шөп алмайтын момын менің серігім болды. Оның ақшасы көп болатын», - деді Джерманайдс.
Ол өз құрбысын зорлаған Думаспен 7 жылдық серіктесе жұмыс істеген соң «Мирабелді» толықтай сатып алып, байланысын үзгенін айтады.
Бұған дейін Вирджиния Кинг қызын бай еркекке 500 долларға сата салғаны туралы ақпарат тараған, бірақ, актриса анасының мұндай қастыққа барғанына әлі күнге дейін сене алмай жүр.