Бетіне арзан маска жаққан әйелдің терісі қабыршақтанып түсе бастады
Фото из "открытых источников"
29 жастағы Патерсон бетіне суық компресс басып, жұмсартатын крем жаққан
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Бетіне арзан маска жаққан әйелдің терісі қабыршықтанып түсе бастаған, деп хабарлайды Stan.kz.
Кэндис Патерсон британдық Health Point LTD кокос маскасын жергілікті косметикалық дүкеннен 1 фунтқа (489 теңге) сатып алды. Масканы қолданғаннан кейін оның беті ашып, шаншу сезінді, сондықтан ол өнімді дереу жуып тастады.
29 жастағы Патерсон бетіне суық компресс басып, жұмсартатын крем жаққан. Соған қарамастан, қызарған тері қабыршықтанып түсе бастаған.
«Кейбір жерлерде менің терім күн сәулесінен күйіп кеткендей түсе бастады», - деп наразылық білдірді тұтынушы.
Кэндис косметика брендінің электрондық поштасына және Twitter әлеуметтік желісіне тұтынушылардың қауіпсіздігі үшін масканы сатуды тоқтата тұруды талап етіп, шағым түсірді. Оның үндеуі жауапсыз қалды.Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
18 қыркүйекке арналған валюта бағамы
18.09.2026 09:00
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
19.09.2026 08:06
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
18.09.2026 20:15
Мың жылдық тарихы бар Алматы жайлы қызықты деректер
19.09.2026 09:25
Дархан Сатыбалды: Болашаққа ұмтылған Алматы
18.09.2026 08:00