|
04.04.2023 | 15:45
507

Нидерландыда жолаушылар пойызы апатқа ұшырады

Бір адам қайтыс болды

Нидерландыда жолаушылар пойызы апатқа ұшырады © AP Photo

Нидерландыда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, кем дегенде бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.

Reuters хабарлауынша, тағы 30 адам жарақат алған, олардың ішінде ауыр жарақат алғандар да бар.

Пойыз апаты 4 сәуірде таңертең Оңтүстік Голландия провинциясында болған. Лейденнен Гаагаға бара жатқан пойызда барлығы 50 жолаушы отырған.

«Пойыздың алдыңғы вагоны рельстен шығып, сыртқа қарай құлаған, екінші вагон бір бүйіріне аударылып кеткен. Сонымен қатар пойыздың соңғы вагонында өрт шыққанымен, ол тез сөндірілді», - делінген хабарламада.

Алдын ала болжам бойынша, пойыз жүк пойызымен соқтығысуы мүмкін. Тағы бір болжамда пойыздың рельсте тұрған құрылыс кранына соғылғаны айтылады. Бұл екі нұсқа да әлі расталған жоқ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир