Төтенше жағдай қызметкерлерінің айтуынша, бұл көрсеткіш әлі де өсуі мүмкін
АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында көпқабатты автотұрақ опырылып, 1 адам көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оқыс оқиға Манхэттен ауданындағы Нассау және Уильям-стрит көшелерінің қиылысында болған. 2-қабат құлап, кемінде 6 адам жарақат алған. Төтенше жағдай қызметкерлерінің айтуынша, бұл көрсеткіш әлі де өсуі мүмкін.
«Біз қолда бар барлық жаңа технологияны қолданып жатырмыз. Себебі, үйінді кез-келген уақытта адам үстіне құлап кетуі мүмкін. Сондықтан ол жаққа робот жіберіп жатырмыз. Бұл құралдар қауіпсіздікпен қатар, шынайы ақпар беруге де септігін тигузеді», – деді Өрт сөндіру бөлімінің бастығы Джон Эспазито.