Конгода катер аударылып, 100-ден астам адам көз жұмды

09.10.2021 20:47

Апат 5 қазанға қараған түні болған

Фото: ашық дереккөзден

Конго Демократиялық Республикасының солтүстік-батысында Конго өзенінде катер аударылып, 100-ден астам адам қаза тапқан немесе із-түзсіз жоғалған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Апат 5 қазанға қараған түні болған. Өзеннен 51 мәйіт табылды, 69 адам із-түзсіз жоғалған, деді Монгала провинциясының өкілі Нестор Магбадо. Ол 39 адамның аман қалғанын айтты. Жергілікті билік осы апаттың құрбандарын еске алу үшін 11 қазаннан бастап үш тәулікке аза тұту күнін жариялады.