Соққы салдарынан әйел адамның денесі көгеріп, миы шайқалған
Қырғызстанның Балықчы қаласында ұйықтап жатып, жылжымаған әйелін соққыға жыққан, деп хабарлайды NUR.KZ.
Оқиға 2018 жылы жетінші қарашада таңғы 06:30 болған. Ерлі -зайыптылар хостелде жұмыс істеп, сол жерде тұрып жатқан. Әйелі сегіз айлық баласымен бірге жылытқыштың қасында ұйықтаған. Күйеуі оны оятып, ары жылжуын сұраған.
Алайда әйел адам терезе жақтан жел соғып, балаға суық тиеді деп жылжудан бас тартқан. Бұған күйеуі ашуланып, оны аяғымен тепкен.
Ерлі-зайыптылар ұрысып, ер адам әйелін бетінен бірнеше рет жұдырықпен ұрып, аяғымен тепкен.
Соққы салдарынан әйел адамның денесі көгеріп, миы шайқалған.
1989 жылғы ер азамат бұрын сотталмаған. Оған Қырғызстан қылмыстық кодексінің 112 бабы (Қасақана денсаулыққа зиян келтіру) бойынша айып тағылды.
2019 жылы іс сотта қаралып, әйелі мен татуласқандықтан ер адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.