Якутиядағы сұрапыл өрт 8 елді мекенге таяп қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Өңірлік экология министрлігінің баспасөз қызметінің сәрсенбі күнгі мәліметінше, 5 км-ден аз қашықтықта арнайы бақылауға алынған бес дала өрті бар.
«Бұл Оймякон ауданындағы Хара-Тумул ауылы, ал Горный ауданындағы Ерт, Дикимдя, Магарас және Кюерелях ауылдары. Сонымен қатар, 10 км-ден аспайтын қашықтықта үш табиғи өрт ошағы бар: Горный ауданында - Кептин және Бясь-Кюель ауылдары, Сунтар ауданында - Кемпендяй ауылы»,– делінген хабарламада.
Агенттіктің дерегінше, 14 ауданда 83 орман өрті сөндіріліп жатыр, оның 10-ы ауыздықталды. Саха (Якутия) Республикасы аумағындағы орман өрттерін сөндіру үшін базада 14 ұшақ орналасқан. «Бүгінде Сунтар ауданындағы өртті сөндіру үшін үш Бе-200 ұшағы мен екі Ил-76 ұшағын пайдалану жоспарланып отыр. Ресей Қорғаныс министрлігінің Ми-8 тікұшағы Хагаллас ауданындағы «Ленские столбы» ұлттық саябағы аумағында жұмыс істеп жатыр.
Сондай-ақ, авиация Верхневилюйский мен Ленск аудандарында қолданылады.
«Горный, Вилюй және Нюрба аудандарында жасанды жауын-шашынға арналған Ан-26 зондтау ұшағы жұмыс істейді»,– деп толықтырды министрлік.
Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің аймақтық штабының хабарлауынша, Якутияның 13 аймағында өрт қаупі жоғары болып отыр.