Аталған марапатты оған бұқаралық ақпарат құралдарына сіңірген көп жылдық еңбегі үшін берді.
Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Муз-ТВ телеарнасының бас директоры Арман Давлетяровты «Достық» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бұл туралы жарлық 28-желтоқсан күні Ресейдің құқықтық ақпарат интернет-порталында жарияланды.
«Бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға қосқан зор үлесі үшін «Муз-ТВ» ЖШС бас директоры, эстрада өнері халықаралық одағының мүшесі Арман Илюбайұлы Давлетьяров «Достық» орденімен марапатталды», Мәскеу.» – деп жазылған жарлықта.
Естеріңізге салсақ, 2020 жылдың тамыз айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Муз-ТВ» телеарнасының бас директоры Арман Давлетяровқа Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты арттырып, одан әрі нығайтқаны үшін алғысын жеткізген еді. Ал 2010 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Арман Давлетяровты «Құрмет» орденімен марапаттаған болатын. Сонымен қатар, 2017 жылы оған ҚР Еңбек сіңірген қайраткері атағы берілген.