Оқиға Ресейдің Мәскеу қаласында болған
Түн ортасында тамақ ішпек болған ер адам тоңазытқыштың астында қалды, деп хабарлайды Ресейдің «112» Telegram каналы.
Оқиға Ресей астанасының Жулебино ауданында болған.
Телеграм каналдың хабарлауынша, ер адам түнде жүрек жалғап алмақ болған. Алайда тоңазытқыш есігін ашқан кезде үстіне құлап түсіпті. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.