|
04.01.2024 | 15:52
594

Жапонияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 77-ге жетті

Алғашқы дүмпу тіркелген тәуліктен бері Нато түбегінде 600 рет жер сілкінген

Жапонияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 77-ге жетті Almaty.tv

Жапонияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 77-ге жетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

400-ге жуық тұрғын жарақат алған. Ел билігі табиғи апаттың құрбандары артуы мүмкін деп алаңдап отыр.Премьер-министр Фумио Кисиданың мәлімдеуінше, іздестіру жұмыстары үшін алғашқы 72 сағат өте маңызды. Сондықтан құтқару жұмыстарына 5 мыңға жуық төтеншелік жұмылдырған. Зардап шеккендерге көмек ретінде қосымша әскер де жіберілмек. 

Алайда жиі болып жатқан афтершоктар жойқын апаттың салдарын жоюға кедергі келтіріп жатыр. Алғашқы дүмпу тіркелген тәуліктен бері Нато түбегінде 600 рет жер сілкінген. 

Қазір он мыңнан астам тұрғын жарықсыз және ауыз сусыз отыр. Ал ең қатты зардап шеккен Исикава префектурасында жолдардың қирауы құтқару жұмыстарын қиындатуда.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир