Оқиға елдің оңтүстік-шығысындағы Йёкюльсаурлоун мұзды мүйісінде орын алған
Исландияда АҚШ-тан келген турист Джудит Стренг суретке түсу үшін мұзтаудан жасалған «таққа» отырамын деп теңізге ағып кетті.
Бұл туралы ABC арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Оқиға елдің оңтүстік-шығысындағы Йёкюльсаурлоун мұзды мүйісінде орын алған.
«Ол отыруға ыңғайлы болып қатып қалған екен... «Тамаша, бұл қызық болар еді», - деп ойладым. Мұзтаудың үстіне шыққанда, ол теңселе бастады және толқын жақындап келе жатқан еді», - дейді Стренг.
Оқиға орнына жақын жерде жүрген флоридалық капитан Рэнди Ланконттың көмегімен әйел шұғыл түрде құтқарылды.