Аустралияда қара дельфиндер қырылып қалды

Фото: Tim Cuff / New Zealand Herald / AP
Фото: Tim Cuff / New Zealand Herald / AP

Табиғатты қорғау департаменті 52 сүтқоректінің өлгені туралы есеп берді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Батыс Аустралиядағы бұрынғы Сheynes Beach кит аулау станциясына жақын маңда ондаған дөңгелек басты кит немесе қара дельфин соқпа толқынмен қайраңға шығып, қырылып қалған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Almaty-akshamy.kz-ке сілтеме жасап.

Жергілікті саябақтар мен жабайы табиғатты қорғау департаменті 52 сүтқоректінің өлгені туралы есеп берді. Табиғатты қорғау қызметкерлері еріктілермен бірлесе отырып, таяз суда қырылуы мүмкін қалған 45 жануарды жартасты мүйістен қашыққа, терең суға қайтармақ.

Теңіз жануарларын құтқару операциясы кеме көп жүретін аймақта, қолайсыз күн райы жағдайында өтіп жатыр. Құтқарушылар жұмысын суда акулалардың болуы да қиындатады.

Айта кетсек, жыл сайын 300-ге жуық теңіз жануары жағаға шығып қалады. Ғалымдар бұл жағдайдың себептерін әзірге білмей жатыр.

Новости партнеров