АҚШ-та екі пойыз соқтығысып, 23 адам зардап шекті

31.07.2021 в 20:59

Түрлі жарақат алған жолаушылар ауруханаға жеткізілді

baq.kz

Бостондағы көше метросында екі пойыз соқтығысып, салдарынан 23 адам зардап шекті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Бостон университетінің маңындағы Бэбок көшесінде болған. Түрлі жарақат алған жолаушылар ауруханаға жеткізілген.

Қазір қақтығыс себептері анықталу үстінде.

Жергілікті билік тұрғындарға апат болған аймаққа барудан уақытша бас тартуға кеңес берді.

Теги: Поезд