Бұл Джонс Хопкинс Университеті ұсынған мәлімет
Әлемде коронавирус індетінен құлан-таза айыққандар саны 2 миллионға жуықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл Джонс Хопкинс Университеті ұсынған мәлімет. Дерт жұқтырғандар 5 миллион адамға жетсе, 325 мыңнан астам адам індеттен көз жұмды. Коронавирус жағдайы АҚШ-та ең көп тіркелген. Онда мерт болғандар 93 мың адамнан асып жығылды. Ресей, Бразилия, Ұлыбритания, Испания, Италияда да індет өршіп тұр. Еуропа елдері індеттің беті қайтқанын хабарлап, шектеу шараларын біртіндеп жұмсартұаны сол еді дамушы елдерде вирус өршіген. ДҰҰ-ның мәліметі бойынша, Латын Америка елдері, Үндістан және өзге аймақтарда инфекция жылдам тарап, тесттер жиі жүргізіле бастаған.
Әлемде:
Жазылып шықты: 1 897 473
Жұқтырғандар: 4 996 634
Көз жұмды: 328 115
Ақш – 1 551 853
Ресейде – 308 705
Бразилияда – 291 579
Ұлыбританияда – 249 619
Испанияда – 232 555
Италияда – 227 364