АҚШ-та коронавирустан көз жұмғандар саны 675 мыңнан асып кетті

22.09.2021 в 21:02

Америкада қауіпті вирустан күніне 2 мыңға жуық адам көз жұмады

Фото: virus-infekciya.ru

Коронавирус індеті адамзат тарихында ең көп адам өмірін жалмаған испан тұмауынан да асып түсті. Мамандардың мәліметінше, АҚШ-та 1918-20 жылдары испан дертінен 675 мың америкалық қайтыс болса, COVID-19 вирусынан құрбан болғандар саны соңғы ақпарға сәйкес 675 мың 446 адамға жеткен, деп хабарлайды Almaty.tv.  

Жалпы Америкада қауіпті вирустан күніне орта есеппен 2 мыңға жуық адам көз жұмады. Ауырғандардың басым бөлігі «дельта» штамын жұқтырған.

Елде халықты вакциналау деңгейі де айтарлықтай азайған.