Аптап ыстық: Парижде ауа температурасы күрт көтерілді

elements.envato.com
elements.envato.com
Теміржол стансасы мен көлік желісіндегі аялдамаларға, автовокзалдарға су таратылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Аптап ыстық Францияның солтүстігіне, сонымен қатар ел астанасына жетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олимпиаданың ашылу салтанаты кезінде жаңбыр жауып, кей шараларды кейінге қалдыруға тура келгенімен, соңғы күндері ауа райы жақсарды.

Meteo France "сейсенбі күні ең жоғары температура 36°C-қа жетеді" деп хабарлады.

Температураның күрт көтерілуі ойындарға қатысатын спортшыларға ғана емес, көрермендерге, туристерге және Париж тұрғындарына да әсер етуі мүмкін.

Мамандар суды көп ішіп, басқа қалпақ киіп, су бүріккіш пайдаланып жүруді ұсынды.

Париждің аймақтық пойыздары мен метро операторы дүйсенбі күні 70-тен астам теміржол стансасы мен көлік желісіндегі аялдамаларға, сондай-ақ автовокзалдарға 2 миллион бөтелке су тарататынын хабарлады.

Бұл бастама Олимпиада ойындарының миллиондаған көрерменінің сұранысын қанағаттандыру мақсатында жасалмақ.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Оқи отырыңыз: Тамыздың басында 41 градус аптап ыстық болады

Новости партнеров