55 жастағы әйел өз немересін өмірге әкелді

29.03.2019 21:04

Анасы қызына суррогат ана болуға ұсыныс жасаған

Ұлыбританияның 55 жастағы тұрғыны өз қызына суррогат ана болды. Эмма Майлзз өз қызына қыз сыйлады, деп жазды stan.kz.

31 жастағы Трейси Смит жатырсыз туғандықтан бала сүйе алмады. Ол күйеуі Адаммен көпбалалы отасы болуды армандаған.

«16 жасында маған диагноз қойды. Менің жатырсыз екенім, бала сүйе алмайтыным белгілі еді. Анам маған тамаша сый жасады», - дейді қызы.

Анасы қызына суррогат ана болуға ұсыныс жасаған.

2018 жылдың мамыр айында анасына эмбрион салады. Ол 2019 жылдың 16 қаңтарында баланы өмірге әкелді. Алайда өзі емес, кесарь тілігі арқылы босанды.

«Мен бастапқыда айқайды есту үшін тыңдап тұрдым, кейін қыздың жылаған даусын естіген соң өзім қоса жыладым», - дейді қыз баланың әкесі.

Ерлі-зайыптылар мұндай шешімді көпшілік қабылдамайды деп ойлаған. Алайда олардың ата-ана болғандарына қуанғандар көп.