Әйелдер мерекесі қай елде қалай тойланады

atr.kz
atr.kz
Жаңалықтармен бөлісіңіз

8 наурыз – әйелдер қауымы үшін ерекше күн. Бұл мерекеде күллі әлем рухани даналығы, сұлулығы мен нәзіктігі үйлесім тапқан әйелдерге ерекше көңіл аударады. Жасын, мәртебесін ескермей-ақ әйел заты ретінде құрметтейді. Халықаралық әйелдер күнін әр елде әртүрлі тойлады. Бұл туралы Almaty.tv тілшісінің дайындаған материалынан оқи аласыздар.

Халықаралық әйелдер күнінің тарихы 1910 жылы Копенгагенде жұмысшы әйелдердің II Халықаралық конференциясы өтті. Германияның социал-демократиялық партиясы әйелдер тобының жетекшісі Клара Цеткин Халықаралық әйелдер күнін жыл сайын белгілі бір арнаулы күнде атап өту идеясын ұсынды. Жалпы мерекенің мақсаты – әйелдер қауымының құқығын қорғау болатын.

Бір қызығы, Халықаралық әйелдер күні – 8 наурызды өткізу идеясы ХХ ғасырдың басында, демографиялық бум және радикалды идеологиялар бастау алған кезде пайда болды.

Дегенмен, 1857 жылғы 8 наурызда Нью-Йорктың тоқыма қызметкерлерінің наразылық шарасы әлем тарихында алғаш рет Халықаралық әйелдер күнін тойлаудың алғышарттарының бірі деп саналады.

1975 жылы кеңес идеологтарының ықпалымен БҰҰ шешімі бойынша «Халықаралық әйелдер күні» ресми түрде жарияланды.

Қытай

8 наурыз аспан асты елінде тыныш әрі қарапайым күйде тойланады. Сондай-ақ арнайы раушан гүлдері мен қызғалдақтар да сыйға тартылмайды. Бұл күні көшеден гүл шоқтарын іздеп бәйек болған шетелдіктерді ғана кездестіре аласыз.

Италия

Италияда 8 наурыз ерекше тойланады. Алайда, нәзік жандылардың тең жартысы мерекені ер адамдарсыз, өз орталарында мейрамхана мен кафеде тойлайды. Бұл күн – күнделікті күйбең тіршіліктен үзіліс алудың керемет мүмкіндігі. Бірақ наурыздың 8-і Италияда жұмыс күні деп бекітілген.

Белоруссия

Белоруссияда (жергілікті тұрғындар айтқандай), 8 наурыз мерекесі кешкі сағат 19:00 басталады. Ер адамдар мерекені арнайы кешкі қала көшелерінде тойлайды. Үйге әдемі гүлдер әкеліп жұбайлары мен қыздарын қуантады.

Түрікменстан

8-наурыз елорда тұрғындары үшін елеулі мереке. Түрікмен әйелдері  мереке қарсаңында 2017 жылдан бастап мемлекет тарапынан  11$ көлемінде сыйақы алады. Сыйақыға меншік нысанына қарамастан Түрікменстанның кәсіпорындарында, мекемелерінде және ұйымдарында жұмыс істейтін барлық әйел қабылданады. Бұдан басқа, 8 наурызға дейін Түрікменстанда президенттік сыйлықтар магистратура, докторантура, клиникалық ординатура, мемлекеттік қызмет академиясының студенттері, оқушылар мен балабақша бүлдіршіндері, зейнетақы және мемлекеттік жәрдемақы алатын әйелдер де ала алады.

Куба

8 наурыз мерекесінің  кубалықтар үшін маңызы зор. Бұл мереке жай күн емес. Бұл күні сіз қаласаңыз жұмысқа бармасаңызда болады. Бұл күн Кубада революция мен еркіндіктің мағынасын ерекше сездіретін күн.

Новости партнеров