Петропавл мектебінде балтамен шабуыл кезінде зардап шеккен оқушылар ауруханадан шығарылды

t-media.kg
t-media.kg
ІІМ төтеншеліктермен бірге елдегі мектептерде кешенді тексеріс жүргізіп жатыр екен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Петропавл мектебінде балтамен шабуыл кезінде зардап шеккен оқушылар ауруханадан шығарылды. Қазір балалардың жағдайы орташа. Бүгін Үкімет отырысында білім ордасындағы қауіпсіздік мәселесі сөз болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсенбаев білім беру нысандарына кіруге рұқсат берудің жаңа тәртібі енгізілетінін жеткізді. Бірақ аталған тәртіпке не жататынын ашып айта алмады. Мектептердегі қауіпсіздік жүйеcіне мониторинг жүргізу, педагогтарды қайта даярлау бағдарламасы балалар қауіпсіздігіне қатысты жаңа курс модулін енгізуді іске асырамыз деп отыр, - ведомства басшысы. Ал білім ошақтарына металл анықтайтын құрылғы мен сөмке ішінде бөгде заттарды көрсететін аппарат орнату – көп қаражатты қажет етеді екен.

«Бұл қанша қаржыға келіп тірелетіні тексеріледі. Оның қаншалықты қауіпсіздікті қамтамасыз етуде тиімділігін тиісті сарапшылармен ақылдасып, қарастыруға болады деп ойлаймын», – деді ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсенбаев.

ІІМ төтеншеліктермен бірге елдегі мектептерде кешенді тексеріс жүргізіп жатыр екен. Марат Ахметжановтың айтуынша, ірі қалаларда білім ордасының көпшілігі дабыл түймесі, турникеттермен және бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Дегенмен, жедел басқару орталықтарына бейнекамераның тек 62 пайызы ғана қосылған. Кейбір облыста жағдай одан да нашар, - дейді бас полицей.

«Мысалы, БҚО – 24, Алматы облысында – 35, Ақтөбе облысында – 41 пайыз ғана. Өңірлерде халықпен кездесу барысында осы мәселені әкімдіктер алдында көтердім. Мұнда жүйелік проблема да бар. Сонымен қатар, бірқатар білім беру ұйымдары мен байланыс каналдары компаниялары арасында тіпті келісімшарт жасалмаған. Мемлекеттік сатып алу процедуралары «қағазбастылыққа» салынып жатыр. Нәтижесінде, бейнебақылау жүйелері Жедел басқару орталықтарына қолжетімсіз», – деді ҚР ІІМ Марат Ахметжанов.

Новости партнеров