Ұлыбританияда вирустан көз жұмғандардың қатары күннен күнге азайып келеді
Қытай билігі коронавирустың екінші толқынынан қауіптеніп отыр, себеп елдің солтүстігіндегі ең ірі 10 миллион халқы бар қалалардың бірі – Харбингте коронавирус өршіп бара жатқаны белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ал, Ұлыбританияда вирустан көз жұмғандардың қатары күннен күнге азайып келеді. Сәрсенбіде бір тәулікте 759 адамның көз жұмғаны анықталса, ал бейсенбі күні 616 адам тіркелген. Ал, Италияда бейсенбі күні инфекцияны жұқтырғандардан гөрі аурудан емделген адамдардың саны көп екені анықталды. Италияндық бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауы бойынша, жазда Германиядан әкелінген вакцинаға қарсы тест сынамадан өтеді. Ал, Қырғызстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Нұрболот Үсенбаев мәлімдеді. Дегенмен елде төтенше жағдай режимі әлі күшінде. Соңғы деректерге сүйенсек, қазір Қырғызстанда коронавирусты жұқтырған 631 науқас бар. Соңғы тәулікте тағы 19 адамнан анықталды. Ал, 302 адам инфекциядан айығып шықты. Ал, әлем бойынша, коронавирус жұқтырғандардың саны 2 млн, 700 мыңнан асты. 190 мыңнан астам азамат қауіпті індеттен көз жұмды. 750 мыңға жуық азамат ауруынан айғығып шыққан.