Ресейдің Екатеринбург қаласында көшедегілерге оқ жаудырған ер адам ұсталды

Almaty.tv
Almaty.tv
Нәтижесінде кішкентай қыз бала мен Ресей гвардиясынының қызметкері жарақаттанды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ресейдің Екатеринбург қаласында ер адам үйінің терезесінен көшедегілерге оқ жаудырған. Нәтижесінде кішкентай қыз бала мен Ресей гвардиясынының қызметкері жарақаттанды. Қазіргі таңда екеуі де ауруханада, қыз балаға ота жасалды, деп хабарлайды Almaty.tv

Белгілі болғандай, 48 жастағы Сергей Боков Бородина 31 мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын үйдің 4 қабатынан шамамен 10 рет оқ атқан. Тұрғын үйге дереу тосқауыл қойылып, адамдар далаға шығарылған. Оқиға болған кезде мерген пәтерде жалғыз болмапты. Ол үйіне екі жігіт шақырып, ішімдік ішкен. Ал, Сергей Боков кенеттен қару алғанда пәтердегі ер адамның біреуі далаға жалаң аяқ қашып шыққан. Оқ тоқтағаннан кейін жедел әрекет етудің арнайы жасағы ер адамның пәтеріне кіріп, қолға түсірген. 

Анықталғандай Сергей Боков Ресейдің Ішкі істер министрлігінің бұрынғы қызметкері. Қаруға талап етілетін арнайы рұқсатты 2010 жылы алып, создырып отырыпты. Қазіргі таңда мерген психологиялық сараптамаға жіберілді. Ал тергеу комитеті жас баланы өлтіруге оқталу және құқық қорғау органдары қызметкерінің өміріне қастандық келтіру баптары бойынша қылмыстық іс қозғады.

Новости партнеров