|
29.07.2021 | 16:07
3845

Антальядағы орман өрті: зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар ма

Өрттен кем дегенде 53 адам зардап шеккен

Антальядағы орман өрті: зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар ма @zeyynepbozkurt_/Twitter

Әйгілі курортты қала Антальяда орман өрті болды. Қызыл жалын салдарынан адамдардың зардап шеккені анықталды. Осыған байланысты Қазақстан Сыртқы істер министрлігі жапа шеккендер арасында ел азаматтары бар ма деген сауалға жауап берді деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

«Зардап шеккендер арасында біздің азаматтарымыз жоқ. Елшілік жергілікті билікпен тығыз байланысты», – деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров. 

Антальядағы өрттен кем дегенде 53 адам зардап шеккен. Мұндай деректі Түркияның ауыл және орман шаруашылығы министрі Бекир Пакдемирли келтірген. 

«Өртті сөндіру кезінде өрт сөндіру көліі аударылып кетті, жүргізуші ауыр жарақат алды», – деп қосты шенеунік.

Кеше туристік қалада ауа температурасы 40 градусқа дейін көтерілген. Ал туристердің басым көпшілігі тыныстауға мүмкіндік болмағандықтан үйлеріне қайтқан. Ал Түркия билігі Антальядағы қызыл жалын туристік нысандарға қауіп төндірмейтінін айтып, сендірген.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир