Toyota корпорациясы 3,4 миллионға жуық көлікті кері қайтармақшы

22.01.2020 21:08

Мекеме басшылары қауіпсіздік жастықшасының дұрыс ашылмайтындығын анықтапты

foto.carexpert.ru

Toyota компаниясы қауіпсіздік жастықшасында ақауы бар 3,4 миллионға жуық көлікті кері қайтармақшы, деп хабарлайды Stan.kz.

Жапондық көлік құрастырушы Toyota корпорациясы бүкіл әлем бойынша қауіпсіздік жастықшасы істен шыққан 3,4 миллион темір тұлпарды қайтарып алмақшы екен.

Corolla (2011–2019 жылдары құрастырылған), Matrix (2011–2013 жылғылары), Avalon (2012–2018 жылғылары) және 2013–2019 жылдары жасалған Avalon Hybrid vehicles маркалы көліктерін қайтадан бір рет тексеруден өткізу керек екен. Аталған маркалы көліктердің ең көбі әлем бойынша АҚШ-та таралған (2,9 миллион).

Мекеме басшылары қауіпсіздік жастықшасының дұрыс ашылмайтындығын анықтапты. Жоғарыда айтылған маркалы көліктерде қатты соққының кесірінен жастықша істен шығады екен.

Теги: қайтару