|
28.01.2023 | 11:05
2122

Мысырда ең көне мумия табылды

Қабірлердің арасынан көптеген мүсін табылды

Мысырда ең көне мумия табылды pixabay

Зерттеушілер ел астанасы Каир маңынан қабір тапты. Археологтардың пайымдауынша, ондағы мумия ең көне әрі ең жақсы сақталған мумия болуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

4300 жыл болған мумия жақында Саккардағы сатылы пирамиданың жанынан анықталған 5-6 династияға тиесілі делінетін қабірдің 15 метрлік шахтасынан табылды, деп жазды Reuters.

Археологиялық топтың жетекшісі Захи Хавасстың айтуынша, Гекашепес есімді ер адамның мумиясы ерітіндімен мөрленген әктас саркофагында жатқан.

"Бұл мумия Египетте осы уақытқа дейін табылған ең көне және ең "толық" мумия болуы мүмкін", – деді Захи Хавасс.

Анықталған басқа қабірлердің ішінде 5-әулеттің соңғы перғауны Унастың тұсында ақсүйектердің бақылаушысы және діни қызметкер болған Хнумджедефтің қабірі табылды. Қабір күнделікті тұрмыс-тіршілікті бейнелейтін суреттермен безендірілген.

Тағы бір қабір "құпияларды сақтаушы және сарайдың ұлы көсемінің көмекшісі" Мәриямға тиесілі болып шықты.

Қабірлердің арасынан көптеген мүсін табылды, оның бірінде ер адам мен оның әйелі, сондай-ақ бірнеше қызметші бейнеленген.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир