Конгода көшкіннен 19 адам қайтыс болды

03.04.2023 21:10

Соңғы бірнеше айда Конго жаңбырдан қатты зардап шегуде

Dolores Ochoa/AP

Жексенбі таңертең Конго Демократиялық Республикасының шығысында көшкіннен 19 адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жергілікті билік бұл ақпаратты растады. Сонымен қатар ресми тұлғалар Солтүстік Киву провинциясындағы Булва ауылында құрбандар саны артуы мүмкін деп мәлімдеді. Олардың айтуынша, таудағы өзендерде кір жуған әйелдер мен балалар жер астына құлағаннан кейін тірідей жерленген. Басқа зардап шеккендерді іздеу жұимыстары бүгін жалғасады. Соңғы бірнеше айда Конго жаңбырдан қатты зардап шегуде.