|
22.04.2021 | 16:13
1034

Аустралияның ең үлкен гауһар тасы аукционда қаншаға сатылды

Кешегі 234 лоттық аукцион Аустралиядағы ең табысты зергерлік аукцион деп аталды

Аустралияның ең үлкен гауһар тасы аукционда қаншаға сатылды  idexonline.com

Салмағы 25,02 карат болатын төртбұрышты ең рі гауһар кеше рекорд сомаға сатылып, Сиднейдегі Leonard Joel Important Jewels аукционына сырттай қатысушының иелігіне өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Елдегі аукционға шығарылған ең ірі гауһар тас (бриллиант) орнатылған платина сақина 1,2 миллион Аустарлия долларына сатылды. Алайда сыйақы және салықты қоса есептегенде жалпы сома 1,125 миллион аустралиялық доллар болды Аустралияның алдыңғы рекорды өткен жылдың тамыз айында тіркелген болатын. Ол кезде 17,34 карат гауһар сақина Leonard Joel Important Jewels аукционында 575 мың Аустралия долларына (сыйақы мен салықты қосқанда) сатылды.

Кешегі 234 лоттық аукцион Аустралиядағы ең табысты зергерлік аукцион деп аталды. Ол сатып алушылардың шығындарын қоса алғанда, жалпы 4,275 миллион аустралиялық доллар пайда әкелді. Лоттардың 63 пайызы сатылды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир