Бүлдіршіннің денесі орманнан табылды
Ресейдің Тюмень облысы Заводоуковск қаласында жантүршігерлік оқиға болды. 6 айлық бала өлі күйінде табылды.
Оқиғаға қатысты сәбидің ағасымен бұрын кездескен қыз күдікті ретінде ұсталды.
Туыстары жерлеу рәсіміне кеткендіктен 23 жастағы Виктория сәбимен бірге қалады. Олар қайтып келген де бойжеткенді де, баланы таппай қалады.
Іздеу барысында бүлдіршіннің денесі орманнан табылды.
Бойжеткеннің өзі бала секілді көрінгенімен қылмыскер болып шықты.
"Мен антихристпін. Әр адамнан шайтанды көремін", - деп жазған екен ол желідегі постында.