«37 жыл сақтаған»: Тоңазытқыштан нәрестенің денесі табылды

31.07.2019 21:18

37 жастағы Адам Смит анасының бұл құпиясын, ол көз жұмған кезде бір-ақ білген

Тоңазытқыштан нәрестенің денесі табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Washington Post басылымына сілтеме жасап.

Америкадағы Сент-Луис қаласының, Миссури штатында тұратын әйел нәрестенің денесін тоңазытқышта 37 жыл бойы сақтап келген.

37 жастағы Адам Смит анасының бұл құпиясын, ол көз жұмған кезде бір-ақ білген. Анасының бөлмесін жинап жүрген ол тоңазытқыштың ішінен кішкентай қорап тауып алған.

«Мен 37 жастамын. Осы уақыт бойы қорап тоңазытқышта болған. Маған бұл тойға арналған тәттілерді безендіретін заттар деп айтатын. Оның терісі, шаштары қалыпты. Өзі мумияға айналып кеткен», - дейді Адам Смит.

Ер адам барлығын орнына салып, полиция шақырған. Нәрестенің кім екені әлі анықталмапты. ДНҚ нәрестенің Смиттің туысы болған, болмағанын тексереді. Адам Смит бірде анасының дүниеден өткен баласы туралы айтқанын естіп қалған. Ал туысқандары әлбебір егіздер туралы айтып, олардың бірі қайтыс болған, екіншісін біреулер бағып алған дейтін көрінеді.

«Тіпті қайтыс болар алдында жазған хатында да анам бұл туралы айтпаған. Соған қарағанда, балаға өзі зиянын тигізіп алып, барлығынан жасырған сияқты», - деп күдіктенді Смит.