|
15.11.2023 | 16:18
490

Бангладеште денге безгегі өрши түсті

Қайтыс болғандар бар

Бангладеште денге безгегі өрши түсті Сурет: elements.envato.com

Бангладеште жыл басынан бері денге безгегінен 1449 науқас көз жұмды. Ал қауіпті дертке шалдыққандардың саны 290 мыңға жетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Жауаптылар бұл 2000 жылдан бері тіркелген ең жоғарғы көрсеткіш деп дабыл қағады.

Денге безгегі Бангладеште қазан айындағы жауын-шашын маусымынан кейін өрши түскен. Мамандар індеттің кең таралу себебін зерттеп, дертке қатысты бірқатар тың мағлұмат анықтағандарын айтады.

– Бұрын дерт қалада жиі тіркелетін. Биыл ауылдарға тарады. Маса вирусты күндіз ғана таратады деген түсінік болған. Бірақ жәндіктің түнде де ұшып, лас суларды мекендейтінін анықтадық, - дейді Джахангир Нагар университетінің профессоры Абирул Башар.

Италияның Тоскана аймағында болған су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Соңғы мәліметке сенсек, табиғи апаттан 6 адам опат болып, бірі із-түзсіз жоғалып кеткен. Қазір тұрғындар қауіпсіз жерге эвакуацияланып жатыр. Аймақта 50 мыңға жуық адам жарықсыз қалған. Ал жергілікті билік ең көп зардап шеккен аудандарға көмектесу үшін 5 миллион еуро бөлді. Айта кетейік, биыл мамыр айында елдің Эмилия Романья аймағында су тасқынынан 14 адам көз жұмған еді.

Ал Үндістанда опырылған тоннельдің астында қалған 40 жұмысшыны құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Үйіндіні тазалау үшін оқиға орнына арнайы техника жұмылдырылды. Сондай-ақ зардап шеккендерді шығарып алу үшін  ұзындығы 70 метр болатын болат құбыр салу жоспарланады. Айта кетейік, жексенбі күні елдегі штаттардың бірінде салынып жатқан тоннельдің 200 метрдей бөлігін лай батпақ пен тас басып қалды. Қиранды астында қалғандардың бәрі тірі.

Оқи отырыңыз:Газа секторынан Қазақстан азаматтары Мысыр аумағына өтті

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир