Адам құтқармақ болған Ресейдің төтенше жағдайлар министрі қаза болды

life.ru
life.ru
Ол арктикалық аймақта төтенше жағдайлардан қорғану бойынша ведомствоаралық оқу-жаттығуға қатысып, адам өмірін құтқаруға тырысқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ресейдің төтенше жағдайлар министрі Евгений Зиничев қызметтік міндетін орындау барысында көз жұмды, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, министр ведомствоаралық оқу-жаттығулары кезінде адамды құтқарамын деп қайтыс болды.

«Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігі Евгений Зиничевтің қызметтік міндетін орындау кезінде опат болғанын қайғырып хабарлайды. Ол арктикалық аймақта төтенше жағдайлардан қорғану бойынша ведомствоаралық оқу-жаттығуға қатысып, адам өмірін құтқаруға тырысқан», – делінген ресми хабарламада.

Евгений Зиничев 1966 жылы Ленинградта дүниеге келген. Санкт-Петербургтің бизнес және құқық институтының «Қаржы және кредит» факультетін тәмамдаған.

1984-1986 жылдары КСРО Қарулы күштері қатарында Солтүстік флотта мерзімді әскери борышын өтеп келген.

1987-2015 жылдары мемлекеттік қауіпсіздік органдарында жұмыс істеді.

2013 жылы Ресей Федерациясының Қарулы күштері Бас штабының әскери академиясында кәсіби қайта даярлаудан өтті.

Новости партнеров