Сауда кемесі Тунистің Габес портының жанында батып кетті, бірақ экипаж құтқарылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.
Дереккөзге сәйкес, кеме экипажының Түркия мен Әзірбайжан азаматтары болып табылатын барлық жеті мүшесі құтқарылып, Габес ауруханасына жеткізілді.
Экваторлық Гвинеядан келе жатқан кеме оған су кіргеннен батып кетті. Бірақ экипаж мүшелері жіберген белгіні жағалау күзеті байқаған.