Жапония императоры өз еркімен тақтан кетті

30.04.2019 21:21

РИА Новости

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ император Акихитоның тақтан кеткенін жариялады, деп хабарлайды РИА Новости.

Өз кезегінде Акихито халқына соңғы сөзін айтты.  

Салтанатты шара Токиодағы император сарайының "Сэйдэн Мацу-но-ма" залында өтіп жатыр. Елдің барлық телеарнаcы телетрансляция жасап жатыр.  

Залда шамамен 300-ге жуық адам бар, оның ішінде - монарх жарымен бірге келген, оның мұрагері Нарухито жарымен, императорлық отбасының мүшелері, сондай-ақ биліктің үш тарауының өкілдері қатысып жатыр.  Акихито өз қызметінде 30 жылға жуық отырған.

Теги: Япония