Қазақстанның ІІМ-нің подполковнигін өлтіріп кетті

zelenograd24.ru
zelenograd24.ru
Қылмыстық іс қозғалу мәселесі талқылануда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Санкт-Петербург қаласының Маринск ауруханасында 62 жастағы ҚР-дың ІІМ қарасты өрт сөндіру қызметінің подполковнигі Вячеслав Джексенов белгісіз адамдардың шабуылынан кейін көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz.

Оқиға қаладағы Дегтярная және 9-шы Кеңес көшелерінің қиылысында орналасқан үйдің маңында орын алған. Белгісіз адамдар Джексеновтың артынан шабуылдаған. Бас жарақатын алған ол бір сағаттан кейін ауруханада көз жұмды.

Шабуыл болған жерден темекінің қалдықтары табылыпты. Жақын маңда бейнебақылау камералары жоқ екен. Қылмыстық іс қозғалу мәселесі талқылануда.

Марқұм болған азамат Қазақстанның ІІМ қарасты төтенше жағдайлар комитетінде қызмет атқарған. Подполковник шенін иеленген ол зейнетке шығып, 2014 жылы Санкт-Петербург қаласына көшіп келген. Ресейдің қаласында кәсіпкерлерге кеңес берумен айналысатын кеңсе құрыпты.


Новости партнеров