Индонезияда жер сілкінісінен 44 адам қаза тапты

21.11.2022 в 21:24

Кем дегенде 300 адам зардап шекті

Индонезияда ірі жерсілкінісі болды. Соңғы алдын-ала мәліметтер бойынша, 44 адам қайтыс болды, кем дегенде 300 адам зардап шекті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.

Ява аралында магнитудасы 5,4 болатын жер асты тербелістері тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Чианджур қаласының маңында болды.