Полиция елшінің өліміне не себеп болғанын тексеріп жатыр
Израильдегі 57 жастағы Қытай елшісі Ду Веи өз резиденциясында өлі табылды. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.
Ду Вэй Израильге 2020 жылдың қаңтарында келген. Марқұмның артында әйелі мен ұлы қалды. Полиция елшінің өліміне не себеп болғанын тексеріп жатыр.
57 жастағы Ду Веи Израильге келмес бұрын Украинада елші болған.