Германияда бір айда 87 мыңнан астам адам КВИ жұқтырған

20.09.2021 21:28

Ал Сингапурде халықтың 82 пайызы вакцина салдырған

Фото: REUTERS

Германияда соңғы төрт аптада коронавирустың 87 мыңнан астам жағдайы тіркелді. Оның ішінде 26 мың науқас вирусты шет мемлекеттен жұқтырған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Германиядағы Роберт Кох институтының хабарлауынша, қазіргі науқастардың дені Балқан елдерінен келген. 5 700-ге жуық науқас Косовода 2,5 мыңға жуық неміс азаматы Хорватияда жұқтырған екен.

Ал Сингапурде індет басталғалы коронавирустан 60 адам көз жұмды. Қазір жалпы халық санының 82 пайызы вакцина салдырған.

Маусым айында Сингапур үкіметі «COVID-19 жағдайында өмір сүру» жоспарына көшетінін мәлімдеді.