Ыстықкөл тауларында найзағайдан 250 бас қой қырылды

08.07.2024 22:02

Бұл туралы республика Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдед

kabar.kg

Қырғызстанның Ыстықкөл облысында таудағы жайлауда найзағай түсіп, 250 бас қой қырылды. Бұл туралы республика Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.


Оқиға 7 шілдеде сағат 17:00 шамасында Тоң ауданындағы Жазы-Кечүу жайлауында болған.

Оқиға орнында азаматтық қорғаныс қызметкерлері мен Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері жүр.

Оқи отырыңыз: Қызылорда облысында дүкен өртенді