Желіде Алла Пугачеваның КСРО-да тыйым салынған бейнебаяны жарияланды

15.04.2019 21:30

Әннің әуенін сол кездері Пугачеваның ансамблінде ойнаған Игорь Николаев жазған

Ресейдің Гостелерадиоқоры Алла Пугачеваның «Айсберг» әніне түсірілген бейнебаянды жариялады, деп хабарлайды РИА Новости.

Бейнеролик 1984 жылы Сочиде түсірілген. «Российская газета» мәліметінше, премьерадан кейін Ленинград телекөрсетілімі видеоны эфирден алып тастаған - ел басшылығы әншінің позалары тым тұрпайы көрінген.

Әннің әуенін сол кездері Пугачеваның ансамблінде ойнаған Игорь Николаев жазған.  

Желіде қолданушылар осы ән ресейлік әншінің ең танымал әндерінің бірі екенін жазған. Бүгін Алла Пугачева 70-ке толды.


Теги: юбилей