АҚШ-та коронавирусқа қарсы жасалған 4 вакцина мақұлданды

01.07.2020 21:33

Тағы алты вакцина қарастырылып жатыр

rg.ru

АҚШ-та коронавирусқа қарсы жасалған 4 вакцина мақұлданды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Елдің тағам өнімдері және дәрі-дәрмекті бақылау басқармасы коронавирус инфекциясына төтеп беретін дәріні сынақтан өткізуге рұқсат берді. 

Тағы алты вакцина қарастырылып жатыр делінген хабарламада. АҚШ әкімшілігі мамыр айында Денсаулық сақтау министрлігі мен Пентагон бірлесе Warp Speed операциясын бастаған болатын. Оның мақсаты - 2021 жылдың қаңтарына дейін COVID-19-дан вакцинаның 300 миллион дозасын өндіру. 

Ал Испания бірнеше айдың ішінде коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеуді көздеп отыр. Елдің ғылым министрі Педро Дуке бұл жұмыстардың жақсы жүріп жатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ Жапонияда COVID-19-ға қарсы вакцинаны адамға салып, сынап көріп жатыр. Дәріні әзірлеген компания 30 еріктіден жасақталған екі топты клиникалық сынақтан өткізуді бастап кетті.