Отоларинолог дәрігер қызметінде түрлі жағдайлар кездеседі. Адамдардың құлағына бөгде нәрселер кіріп кетіп, дәрігерге жүгінетін кездер жиі болған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.
64 жастағы әйел бірнеше түн бойы сол жақ құлағында әлдененің жыбырлап жүргеніне шағымданып, емханаға келген.
Дәрігерлер тексеру кезінде әйелдің құлақ каналында кішкентай өрмекші қозғалып жүргенін байқаған. Сондай-ақ өрмекшінің ескі терісін, яғни ескі экзоскелетті көрген. Соған қарағанда жәндік әйелдің құлағында біраз уақыттан бері мекен еткен.
Тайвандағы муниципалдық ауруханасының отоларинология бөлімінің меңгерушісі, дәрігер Тенчин Ван өрмекші мен оның экзоскелетін шығару үшін дәрігерлер түтікшені пайдаланғанын айтты. Ол өрмекші өте кіші, екі-үш миллиметрдей ғана болғандықтан әйел ауруды сезбегенін атап өтті.
Адам құлағында жәндіктің түлеуі бірінші рет кездесіп тұр. Биыл сәуірде болған бұл оқиға Англия медициналық журналында жазылған.
Доктор Ван осыған ұқсас белгілер байқалса медициналық көмекке жүгінуге шақырады.
Оңтүстік Флорида штатының ENT Sinus and Allergy клиникасының дәрігері Дэвид Касл дәрігер Ван есебіндегі жәндік суреті «ерекше әрі дабыл қағатындай» болғанын айтты.
Оның айтуынша, есту жолында сыртқы есту жолы деп аталатын өте жұқа әрі сезімтал тері бөлігі бар. Оның сезімталдығы сонша, адам құлақта жыбырлап, сусып жүргеннің бәрін бірден сезеді және оған ұзақ шыдау мүмкін емес.
Дәрігер Ван құлаққа кіріп кеткен ірі жәндіктер қозғалып, құлақты зақымдамас үшін лидокаин немесе этанол пайдаланып оларды өлтіру қажет дейді. Бірақ құлақ пердесі тесілген немесе зақымдалған болса бұл тәсілді орындауға болмайды.
Оқи отырыңыз: Сібір жарасы: Қарағанды облысында науқастардың бірі көз жұмды