|
10.04.2024 | 16:35
267

Әлемдегі ең үздік футбол стадионы белгілі болды

Стадиондардың рейтингі бойынша тізім жарияланды

Әлемдегі ең үздік футбол стадионы белгілі болды elements.envato.com

Әлемдегі ең үздік стадиондардың рейтингі жарияланды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі FourFourTwo порталына сілтеме жасап.

Рейтингте бірінші орында Аргентина астанасы Буэнос-Айрестегі "Бомбанера" стадионы тұр. Ал екінші орынға Рио-де-Жанейрода (Бразилия) орналасқан "Маракана" стадионы жайғасқан. Үздік үштікті Дортмундтағы (Германия) "Сигнал Идуна Парк" стадионы түйіндеді. FourFourTwo порталының нұсқасы бойынша ТОП-15 стадион: "Бомбонера" (Буэнос-Айрес, Аргентина); "Маракана" (Рио-де-Жанейро, Бразилия); "Сигнал Идуна Парк" (Дортмунд, Германия; "Айброкс" (Глазго, Великобритания); "Монументаль Антонио Веспусио Либерти" (Буэнос-Айрес, Аргентина); "Ацтека" (Мехико, Мексика); "Камп Ноу" (Барселона, Испания); "Тоттенхэм Хотспур Стэдиум" (Лондон, Англия); "Уэмбли" (Лондон, Англия); "Сан-Сиро" (Милан, Италия); "Йохан Кройфф Арена (Амстердам, Нидерланды); "Сантьяго Бернабеу" (Мадрид, Испания); "Метрополитано" (Мадрид, Испания); "Олимпиаштадион" (Берлин, Германия); "Велодром" (Марсель, Франция).

Оқи отырыңыз: Елена Рыбакина әлемнің 9-ракеткасын жеңіп, жартылай финалға шықты

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир