Ұшақ пен тікұшақ соқтығысып қалды – жантүршігерлік апаттың видеосы
Әуе апатынан жеті адам қаза болды, жолаушылардың арасында екі бала да болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Испанияның Майорка аралында тікұшақ пен шағын ұшақ соқтығысты.
"Инка көгінде (Майорка аралындағы муниципалитет) тікұшақ пен аса жеңіл ұшақ соқтығысты. Жеті адам мерт болды", - делінген Балеар аралдары үкіметінің твиттердегі хабарламасында.
Болжам бойынша, тікұшақ бортында ерлі-зайыпты екі баласымен отырған. Ал ұшақ ішінде тек бір жолаушы болыпты.
Испания үкіметі төрағасының міндетін атқарушы Педро Санчес қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Sputnik.
Майорка аралы – Жерорта теңізіндегі танымал демалыс орындарының бірі. Арал теңіз курорттары, әсем табиғаты және көне архитектуралық ескерткіштерімен ерекшеленеді. Туристер аралға демалуға барған кезде, шағын әуе кемелерін жиі пайдаланады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
SU LAB Street: Алматыда жаңа ғылыми зертханалар көшесі ашылды
02.11.2026 13:10