Иранмен байланысты 17 жасақшының көзін құртып, бірнеше әскери нысанды жойған
АҚШ Президенті Джо Байден Иранға ескерту жасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Nege.kz-ke сілтеме жасап.
Сириядағы әуе соққыларына қатысты тілшілердің қойған сұрағына Ақ Үй басшысы: «Бұл әрекет жазасыз қалмайды», – деп жауап берді.
Таяуда АҚШ қарулы күштері Сирияның Иракпен шекаралас ауданында әуеден соққыға жасаған еді. Салдарынан Иранмен байланысты 17 жасақшының көзін құртып, бірнеше әскери нысанды жойған. Ақ Үй әкімшілігі бұл операция жуырда АҚШ әскері мен Ирактағы коалицияға жасалған шабуылға қарымта жауап болды дейді. АҚШ президенітінің өзі зымырандармен соққы жасауға бұйрық берген екен.