Бүкіл әлемде қауіпсіз және тиімді вакцинаны әзірлеу бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде
Жаңа коронавирусқа иммунитетті қалыптастыру үшін вакциналаумен қамту әлемнің 65-70% халқын құрауы тиіс. Бұл туралы брифинг барысында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас ғылыми қызметкері Сумья Сваминатан мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Брифингте С.Сваминатан «Ұжымдық иммунитетті табиғи жолмен қалыптастыру тиімді бола ма?»,– деген сұраққа жауап берді.
«Иммунитетке қол жеткізудің ең дұрыс әдісі – вакциналау. Және онымен қамту 65-70% кем болмауы тиіс»,– деді ол.
Өз тарапынан ДДҰ сарапшысы Мария ван Керкхове атап өткендей, ұжымдық иммунитетті табиғи жолмен қалыптастыруға талпыныстар қауіпті болмақ және ол өлім-жітімнің артуына алып келеді. Оның айтуынша, вакциналау халықты қорғаудың ең тиімді тәсілі болып табылады.
«Бүкіл әлемде қауіпсіз және тиімді вакцинаны әзірлеу бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде»,– деді М. Керкхове.