|
16.08.2020 | 16:40
3519

Дональд Трамптың інісі қайтыс болды

Роберт Трамп 73 жасқа қараған шағында өмірден озды

Дональд Трамптың  інісі қайтыс болды Роберт и Дональд Трампы © AP Photo/Diane Bonadreff, архив

АҚШ Президенті Дональд Трамптың  інісі қайтыс болды деп хабарлайды, Almaty.tv тілшісі Sputniknews порталына сілтеме жасап.

Роберт Трамп 73 жасқа қараған шағында өмірден озды.

«Інім Роберттің бүгін кешке қайтыс болғанын қайғыра отырып хабарлаймын. Ол менің тек бауырым болған жоқ, ол менің ең жақын досым болды. Енді әр күніміз сағынышпен өтеді, бірақ біз әлі кездесеміз. Оны мәңгі жүрегімде сақтаймын. Роберт, мен сені жақсы көремін, жатқан жерің жайлы болсын», - деп жазылған Дональд Трамптың мәлімдемесінде.

Бұқаралық ақпарат құралдары Роберт Трамптың Нью-Йорк қаласында ауыр хәлде ауруханаға жатқызылғанын хабарлаған еді.  АҚШ президенті жұма күні інісінің жағдайын білуге барған.

Соңғы рет Роберт Трамп туралы БАҚ шілде айында жазған болатын. Ол АҚШ президенті туралы кітап жарияламақ болған ағасы Фредтың қызы Мэри Трампты тоқтатуға тырысты. Мэри өз кітабында 1981 жылы Дональдтың хәл үстінде жатқан ағасы Фредпен қоштасуға келмегенін жазған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир